«Бекітемін»
«Толқын» ДШСК МКҚК басшысы ___________________ А. Маржықбаев
2016 жылғы  «____» ______________

                      

Халыққа дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін ұсыну жөніндегі «Толқын» ДШСК МКҚК-ның ішкі тәртіп
ережелері

1. «Толқын» ДШСК МКҚК-ның дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері (бұдан әрі – қызметтер) халыққа кәсіпорынның жұмыс кестесі шеңберінде ұсынылады.

2. Қызметті ұсыну кезінде 1 сағат болу құнына мыналар кіреді – 45 минут жүзумен айналысу, соның ішінде саунада болу, спорт (ойын және жаттығу) залдарында айналысу және душ қабылдауға 15 минут, киімді ауыстыру және сырт киімді гардеробтан алу (гардеробқа тапсыру). 
2 сағат және одан көп уақыт үшін қызметке ақы төлеген кезде келуші әрбір сағаттың 45 минуты сайын бассейннен шығып, «құрғақ» аймақта болуы тиіс, 15 минут үзілістен кейін келесі айналысушылар тобымен бірге жүзумен айналысуға кірісе алады.

3. Қызметке ақы төлеу Келушінің осы ережелермен келісетіні болып табылады. Ережелерді білмеу оларды бұзғаны үшін жауапкершіліктен босатпайды.
«Толқын» ДШСК бассейнінде болу әрбір келушілердің жеке дара ерікті ісі болып табылады және келуші ережелерді сақтамаған жағдайда оны пайдаланумен байланысты барлық қатерлерді өз мойнына алады.     

4. Заттар белгіленген тәртіппен гардеробқа тапсырылған жағдайды қоспағанда, әкімшілік келушілердің қараусыз қалған жеке заттарының сақталуына жауап бермейді.   
1 қазан мен 30 сәуірді қоса алғандағы кезеңде «Толқын» ДШСК келушілерге сырт киім мен көшеде киетін (пакеттегі) аяқ киімді сақтау үшін гардеробты пайдалануға мүмкіндік береді.
Барлық кезең ішінде бассейннің шешінетін орындарында жабдықталған, жеке заттарды сақтауға арналған шкафтарды ұсынады.

5. Бассейннің қосалқы үй-жайларына (шешінетін орындарынға, душ бөлмелеріне) жүзумен айналысқанға дейін 15 минут бұрын кіруге рұқсат етіледі.

6. Рұқсатнама бассейн мен спорт залдарына кіруге арналған рұқсат қағазы болып табылады, онда аты-жөні толық жазылуы, басшының қолы және кәсіпорынның медицина қызметкерінің рұқсаты болуы керек, фото мөрмен куәландырылуы және рұқсатнаманың әрекет ету мерзімі көрсетілуі тиіс.
Медицина қызметкері бірінші кезекте тері ауруларын анықтау үшін келушілерді тек қана сырттай (денені) тексеру жүргізеді, сондай-ақ жарақаттану немесе жазатайым оқиғалар кезінде бірінші көмек көрсетеді, қажет болған жағдайда «Жедел медициналық көмек бригадасын» шақырады.

7. Рұқсатнама – иесі жазылған құжат, оны басқа адамға беруге болмайды. Түзетулер енгізілген рұқсатнама жарамсыз болып табылады. Қайталама медициналық тексеруді әрбір үш ай сайын бассейннің медицина қызметкері жүргізеді.

8. Рұқсатнама болмаған кезде дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін біржолғы билет арқылы алуға болады, оны сырттай көзбен шолып медициналық тексеру жүргізгеннен кейін тікелей бассейннің медицина қызметкері береді.

9. Клиент жүзуі тиіс бассейндегі жүзетін су жолдарын өзі анықтауға әкімшіліктің құқығы бар, соның ішінде бір немесе одан көп су жолдары еркін жүзуден алынатын жағдай орын алуы мүмкін, ол туралы клиентке «Су жолы жалға алынған» деген тақтайша арқылы хабарланады.
Жыл ішінде бассейннің жұмыс істемейтін, мерекелік, санитарлық күндерін жариялауға әкімшіліктің өз құқығы бар. Спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізген жағдайда бассейнге келуді болдырмау құқығы бар.

10. Қан ағу, герпес, тері аурулары, өзін нашар сезінуі, қызуы болған кезде   бассейнге келуге тыйым салынады.  
Басқа келушілерге қызметтерді көрсетудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бассейн әкімшілігі жұқпалы, тері және өзге де аурулардың айқын белгілері бар келушілерге қызметтерді көрсетуден бас тарта алады және маман дәрігердің анықтамасын әкелуді талап етуге өз құқығы бар.  
Бассейнге келу кезінде клиент бассейннің медициналық персоналынан жүзумен айналысуға рұқсат алуы тиіс.   

11. Келуші денсаулығының нашарлауына байланысты келтірілген зиян үшін, егер бассейнге келгенге дейін келушіде болған жіті аурудың, жарақаттың немесе созылмалы аурудың асқынуы салдарынан, сондай-ақ келуші қауіпсіздік техникасы ережелерін, бассейнде болу ережелерін, персоналдың ұсынымдарын бұзудың нәтижесінде денсаулығы нашарласа, денсаулық жағдайы туралы жалған ақпарат берген кезде «Толқын» ДШСК әкімшілігі келушінің денсаулық жағдайына жауап бермейді. 

12. Біржолғы билет алу үшін медициналық тексеруден өту кезінде келуші медициналық қызметкердің журналында қол қоя отырып, «Халыққа дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін ұсыну жөніндегі «Толқын» ДШСК МКҚК-ның ішкі тәртіп ережелерімен» танысуы тиіс, ал рұқсатнама алған кезде келуші журналға және рұқсатнамаға қол қояды, одан кейін келушілер осы Ережелерге және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оларды бұзғаны үшін толық жауапкершілікті өз мойнына алады.  

13. Бассейнде болу кезінде:
а) келушіде шолақ шалбар мен іш киімнен басқа шомылу костюмі (шомылу киімі немесе шомылу іш киімі), целлофан қапшықта сабын мен жөке, сүлгі, ауыстырып киетін аяқ киім, саунаға арналған майлық, жүзуге арналған бас киім болуға;
б) келуші суға түспес бұрын гигиеналық құралдарды пайдаланып, мұқият душ қабылдауға, таза шомылу костюмін алдын ала шайып алып, душтан кейін киюге;
в) келуші саунадан кейін бассейнге түспес бұрын гигиеналық құралдарды пайдаланып, міндетті түрде душ қабылдауға;
г) келуші оқытушы-жаттықтырушының барлық талаптарын мүлтіксіз орындауға;
д) келуші дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің мүлкі мен жабдықтарына ұқыпты қарауға, құралдар мен жабдықтарды пайдаланғаннан кейін оларды белгіленген орындарына қоюға тиіс.

14. Кәсіпорынға залал келтірген жағдайда кінәлі тұлға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауап береді.

15. Барлық жүзумен айналысушылар кезекші-бақылаушы мен оқытушы-жаттықтырушының «Толқын» ДШСК-ның кестесін және ішкі тәртібін сақтау жөніндегі талаптарын орындауға тиіс.

16. Жүзумен айналысушылар мен оқытушы-жаттықтырушылар жүзумен айналысу кезінде жүзу бассейнінде қауіпсіздік техникасы ережелерін қатаң сақтауы тиіс.

17. Келу ережелерін сақтамау немесе басқа келушілерге ДШСК қызметтерін тиісті дәрежеде алуға бөгет жасауға талпыну рұқсатнаманы алып қоюға және бұзушылыққа жол бергендерді қандайда болмасын ақшалай өтеусіз спорт ғимаратынан қуып шығуға негіз болып табылады.

18. Бассейнде, жаттығу залында қызметтерді ұсыну оқытушы-жаттықтырушының бақылауымен жүргізіледі, келушілерді қадағалаусыз қалдыруға қатаң тыйым салынады.

19. 5 жастан 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балалар келген кезде жынысына қарай бірге ілесіп жүретін ересек адамдардың болуы аталған санаттағы балаларға бассейнге рұқсат берудің міндетті шарты болып табылады. 
Бірге ілесіп жүретін адамдар кезекші бақылаушыға бірге ілесіп жүрген балалардың қауіпсіздігі үшін өзі дербес жауап беретіні туралы міндетті түрде жазбаша қолхат береді. 

20. Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» № 193-IV кодексіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санита-риялық қағидаларын бекіту туралы» № 94 қаулысына сәйкес келесі жағдайларда  5 жастан кіші балалардың жүзу бассейніне келуіне тыйым салынады:
1) Жабық жүзу бассейндерінің негізгі үй-жайларының микроклиматы параметрлеріне қойылатын талаптарға сәйкес («Коммуналдық мақсаттағы объек-тілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 3-қосымшасының 1, 2-тармақтары) ваннаның су температурасы:
ересектер үшін – 24-26 градус;
5 жасқа дейінгі балалар үшін – 30 градус;
2) Бассейн суы сапасының көрсеткіштеріне қойылатын талаптарға сәйкес («Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемио-логиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 4-қосымшасының 6-тармағы) судағы қалдық бос хлор:
- ересектер үшін – 0,3-0,6 мг/л асырмай;
- 5 жасқа дейінгі балалар үшін – 0,1-0,3 мг/л.

21. Спорт кешеніне 5 жастан 14 жасқа дейінгі балалар келген кезде – билеттің құны – «балалар» бағасы бойынша (туу туралы куәліктің көшірмесі болған кезде).

22. Келушінің бір және одан көп «су жолдарын» немесе бүкіл бассейнді, спорт залдарын бір және одан көп сағатқа бекітілген тарифтерге сәйкес сатып алуға құқығы бар. 
Ұсынылатын қызметтердің, соның ішінде медициналық тексерудің құнын жоғары тұрған уәкілетті орган бекітеді.

23. Келушілер жабдықтарды сындырғаны және бүлдіргені, гардеробтың нөмірлерін және шкафтардың кілттерін жоғалтқаны үшін прейскурант бойынша материалдық жауап береді. Келуші бассейнге мүліктік залал келтірген жағдайда, оның орнын толтыруды талап етуге әкімшіліктің құқығы бар. Акт жасалады.
Кәмелетке толмаған (14 жасқа дейінгі) бала залал келтірген жағдайда, оның заңды өкілдері немесе ата-анасы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оның орнын толтырады.  
Қауіпсіздік техникасы ережелерін, сондай-ақ жабдықтарды пайдалану ережелерін бұзудың салдарынан келушілерге залал келтірілгені үшін, бассейннің аумағында қараусыз жүрген балалар үшін әкімшілік жауап бермейді.

24. Келушілер қоғамдық тәртіпті сақтауға, басқа келушілер мен қызмет көрсетуші персоналға қатысты құрметпен қарауға және өзін сыпайы ұстауға, айналасындағы адамдарға қауіп тудыратын әрекеттерге бармауға тиіс.
Бассейнде бір су жолында бірнеше адам жүзген кезде бассейнге келушілер суда қозғалу ережелерін (оң жақтан болу), басып озу ережелерін (сол жақтан басып озу) сақтауы, бір-біріне бөгет жасамай су жолының бұрыштарында демалуы тиіс.     
Келушілердің қауіпсіздігін және мүліктің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық аймақтарда бейнебақылау жүргізіледі.

25. Келушілерге:
- спорт кешенінің аумағында алкогольдік сусындарды, қатты әсер ететін есірткі және психотропты заттарды тұтынуға және таратуға, сондай-ақ темекі шегуге;
- алкогольдік немесе есірткіден мастанудың қалдық көріністері болған кезде бассейнге келуге; келушіде алкогольдік немесе есірткіден мастанудың белгілері барына күмәнданған кезде аталған адамдарды жүзумен айналысудан бас тартуға әкімшіліктің құқығы бар;
- бассейннің үй-жайларында сағызбен болуға; шыны ыдысты пайдалануға, азық-түліктер, су, сусындар әкелуге, бассейннің суына қандайда болмасын сұйықтықтар ағызуға; бассейнге түспес бұрын теріге әртүрлі жақпамайлар мен майлар жағуға, душ бөлмелерінде қырынуға, шаш пен тырнақты алуға, табанның терісін қыруға, душ бөлмелеріне, бассейнге, спорт залдарына ауыстырып киетін аяқ киімсіз кіруге; әдепсіз сөздерді қолдануға, келушілер мен бассейн қызметкерлеріне тіл тигізуге, мүлікті қасақана бүлдіруге;
- бассейнде, дәлізде, баспалдақпен, душ бөлмелерінде жүгіруге және жалаң аяқ жүруге, борттан суға секіруге, жалған апат сигналын беруге, жүзетін су жолдарында көлденең жүзуге, судағы бөлу жолақтарының үстінде отыруға және асылуға, борттан жүзу тақтайшаларын суға және судан лақтыруға, іш киіммен және сырт киіммен жүзуге, бассейн ішіне дәрет сындыруға, «Су жолы жалға алынған» деген тақтайша орналасқан су жолында жүзуге;
- қызметтік және техникалық үй-жайларға кіруге, кез келген инженерлік-техникалық жабдықты өздігінен қосуға, ағытуға, реттеуге; адам өміріне тікелей немесе жанама қауіп келтіретін әрекеттер жасауға;
- дәрімен ататын, газбен ататын, пневматикалық және суық қару, кесетін-шанышпалы және былғайтын заттар, сондай-ақ жарылатын және тез тұтанатын заттар алып кіруге; үй жануарларымен кіруге, өз сөзінде дөрекі және балағат сөздерді пайдалануға, әкімшіліктің тиісті рұқсатынсыз саудалық, жарнамалық, сондай-ақ өзге де коммерциялық қызметті жүргізуге тыйым салынады.
Саунаға кез келген ауыстырып киетін аяқ киіммен кіруге, электрлік алауошаққа суды, соның ішінде хош иісті заттар мен шайырлар негізіндегі сұйықтықты құюға, саунаның ішінде жақпамайларды, эфир майларын, балды және басқа да косметикалық құралдарды пайдалануға қатаң тыйым салынады.  
Жазатайым оқиғаларға жол бермеу үшін бассейннің жиегінде жүгіруге тыйым салынады, душ бөлмелерінде шыны ыдыстағы жуатын және косметикалық құралдарды пайдалануға рұқсат етілмейді.

26. Осы ережелерді бұзумен байланысты орын алған жазатайым оқиғалар, соның ішінде қайғылы оқиғалар үшін әкімшілік жауап бермейді.
Бассейнде болу ережелерін бұзғаны үшін әкімшіліктің келуді уақытша тоқтатуға немесе одан әрі бассейнге келуден бас тартуға құқығы бар.
Бассейнде болу ережесін бұзған келушінің өз кінәсі бойынша жүзумен айналысуға келмей қалғаны немесе босатқаны үшін келушіге ақшалай қаражат қайтарылмайды.

27. Келесі жағдайларда әкімшіліктің жұмысты уақытша тоқтатуға (тоқтата тұруға) және келушілердің «Толқын» ДШСК-ға келуін тоқтатуға құқығы бар:
- кем дегенде жарты жылда бір рет кәсіпорында санитарлық өңдеу жүргізгенде (СЭС талаптарына сәйкес);
- жабдықтарға жоспарлы түрде алдын алу жөндеуін жүргізген кезде (кестеге сәйкес);
- ағымдағы жөндеулер жүргізілгенде;
- Әкімшіліктің кінәсінсіз туындаған және Келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты апаттық жағдайлар кезінде;
- табиғи және техногендік сипаттағы стихиялық апаттар жататын форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде.

28. Төлемдерді қабылдауды, келушілердің бассейнге, спорт залдарына баруын келесі жағдайларда уақытша тоқтатуға әкімшіліктің құқығы бар:
- ең көп сағаттық жүктеме кезінде (бассейнде – 60 адам, ойын спорт залында – 15 адам, жаттығу залында – 10 адам);
- корпоративтік тұтынушыларға арнайы қызмет көрсету кезінде.

29. Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жұмысы аяқталғаннан кейін барлық айналысатын істерге тыйым салынады.

 

Есіңізде болсын, суда және құрғақ жерде өзін-өзі жақсы ұстау әдеті жоғары бағаланады. Осы қарапайым ережелерді сақтау Сіздің бассейнде болуыңызды жайлы және қауіпсіз етеді.
Біз шын жүректен Сізге қуаныштымыз және Сіздің бізде болғаныңыз  Сізді рақаттандырып, пайда әкелуі үшін барлық жағдай жасаймыз.  

Құрметпен «Толқын» ДШСК әкімшілігі.

 


«Толқын» ДСК-ға мас күйінде келушілердің кіруіне қатаң тиым салынады.

Остальные правила

Режим работы

Вторник
12:00 до 20:00
Среда
12:00 до 20:00
Четверг
12:00 до 20:00
Пятница
12:00 до 20:00
Суббота
12:00 до 20:00
Воскресенье
12:00 до 20:00

Телефон и адрес

Мы ждем Вас, приходите и Вы не пожалеете!
Хромзавод проезд 1
Проезд автобусом: 14, 31, 38, 2. Остановка 30-я школа, маршрутное такси 153
Справки по телефону: 64-41-06

2015 © МҚКК «Толкын» Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің