Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы дене шынықтыру

және спорт бөлімінің «Толқын» дене шынықтыру-сауықтыру  кешені» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның

Жарғысы

 

1. Жалпы ережелер

1. Павлодар қаласы әкімдігі, Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Толқын» дене шынықтыру-сауықтыру  кешені» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (одан әрі – Мемлекеттік кәсіпорын) Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 «Мемлекеттік кәсіпорын туралы»  Заңына сәйкес құрылды.

2. Мемлекеттік кәсіпорынның  ұйымдастырушылық – құқықтық нысаны – мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорын.

3. «Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мемлекеттік басқару органы) мемлекеттік кәсіпорнның мемлекеттік басқару органы  болып табылады.

4. Конституция, Қазақстан Республикасының Заңдары,  Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс және қала әкімдігінің және әкімнің актілері, басқа да нормативтік – құқықтық актілер, мемлекеттік басқару  органының  бұйрықтары және осы Жарғы Мемлекеттік кәсіпорын қызметінің құқықтық енгізі болып табылады.

5. Мемлекеттік кәсіпорынға қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісі функцияларын жүзеге асыратын құрылтайшысы (бұдан әрі – Уәкілетті орган) Павлодар қаласының әкімдігі болып табылады.

6. Мемлекеттік кәсіпорынның құрылымын және штат санын Мемлекеттік басқару органы бекітеді.

7. Мемлекеттік кәсіпорынның мемлекеттік тілдегі толық атауы:  Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Толқын»  дене шынықтыру – сауықтыру кешені» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

Мемлекеттік кәсіпорынның орыс тілдегі толық атауы:  государственное казенное коммунальное предприятие «Физкультурно-оздоровительный комплекс «Толкын» отдела физической культуры и спорта города Павлодара, акимата города Павлодара.

8. Мемлекеттік кәсіпорынның мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 140000, Павлодар қаласы, Хромзавод, 1, проезд 1.

9. Мемлекеттік кәсіпорынның жұмыс уақыты: сағат 13.00-ден 22.00-ге дейін, ал сәрсенбі күні 13.00-ден 18.00-ге дейін  қызмет көрсетеді.

демалыс күні – дүйсенбі.

2. Мемлекеттік кәсіпорын қызметінің мәні мен түрлері

2.1.  Спорт саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру Мемлекеттік кәсіпорын қызметінің мәні болып табылады.

2.2. Мемлекеттік кәсіпорын қызметінің түрлері:

1) спорттық, мәдени, спорттық – көпшілік іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу;

2) спорт секцияларының, денсаулық және жалпы денешынықтыру дайындығы топтарының  жұмысын ұйымдастыру;

3) қалада дене шынықтыру мен спортты дамыту үшін жағдай жасау;

4) оқу – жаттықтыру және көпшілікті іс- шараларды өткізу кезінде көрермендердің, келушілер мен қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

2.3. Мемлекеттік кәсіпорынды қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қала әкімінің келісімі бойынша Мемлекеттік басқару органымен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын директор басқарады.

2.4. Мемлекеттік басқару органының мынадай өкілеттіктері бар:

1) Мемлекеттік кәсіпорын қызметінің басымдық бағыттарын анықтау;

2) Мемлекеттік кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарларын, соның ішінде  жоспары қаржы көрсеткіштерін, олардың мерзімділігі мен ұсынылу тәртібін қарау және бекіту;

3) Уәкілетті органға ол белгіленген мерзімде тиісті есеп беріп, Мемлекеттік кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарлы көрсеткіштерінің орындалуына бақылау жасау және талдау;

4) Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіпте Мемлекеттік кәсіпорын басшысын тағайындау және оны аттестациядан өткізу;

5) Мемлекеттік кәсіпорын мүлкінің сақталуын және мақсатты пайдалануына бақылауды жүзеге асыру;

6) Мемлекеттік тапсырыстың Мемлекеттік кәсіпорынға жетуін қамтамасыз ету;

7) Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерімен өз құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдау.

2.5. Мемлекеттік кәсіпорын директоры Мемлекеттік кәсіпорынның қызметін ұйымдастырады, оның жұмысын басқарады, Мемлекеттік кәсіпорын іс жағдайына Мемлекеттік басқару органымен және Уәкілетті  орган алдында дербес жауапкершілік атқарады.

2.6. Мемлекеттік кәсіпорынның директорына жүктелген міндеттерді орындау және өзінің функцияларын жүзеге асыру мақсатында;

1) Мемлекеттік кәсіпорын атынан сенімхатсыз әрекет етеді, оның мүддесін барлық органдарда ұсынады;

2) Мемлекеттік кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады, нұсқау береді;

3) Мемлекеттік кәсіпорын өз құзыреті шегінде осы жарғымен белгіленген мүлікті иеленуге, ақша қаражатын, шарттар жасайды, сенімхаттар береді, банктік шоттар ашады және Мемлекеттік кәсіпорынның қызметіне қарама қайшы  келмейтін басқа да мәмілелерді жүргізеді;

4)  Мемлекеттік кәсіпорынның қызметкерлерін жұсықа қабылдауды және жұмыстан босатады, оларға заңнамамен белгіленген тәртіпте тәртіптік жаза қолданады және оларға көтермелеу шараларын қабылдайды;

5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

2.7. Мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері лауазымдық нұсқаулықтармен, ішкі тәртіп қағидаларымен белгіленеді.

2.8. Мемлекеттік кәсіпорынның оның қызметкерлерімен еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен анықталады.

2.9. Мемлекеттік кәсіпорынның өндірілетін және іске асырылатын тауарларға, жұмыстар мен қызмет көрсетулерге бағасы Мемлекеттік басқару органымен бекітіледі.

2.10. Мемлекеттік  кәсіпорын үшін мемлекет тапсырысын орындау міндетті болып табылады.

2.11.  Мемлекеттік кәсіпорынға  мемлекет тапсырысы Мемлекеттік басқару органы арқылы жүргізіледі.

2.12. Тауарлар сатып алу, жұмыс және қызмет көрсету Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

3. Мемлекеттік кәсіпорынның жауапкершілігі

3.1. Мемлекеттік кәсіпорын қарамағындағы ақшаға өз міндеттемелері  бойынша жауап береді. Мемлекеттік кәсіпорынның қалған мүлкіне өндіріп алушының өтініші қарастырылмайды, осы кәсіпорынды таратқан жағдайдан басқа.

3.2. Мемлекеттік кәсіпорын  меншік иесінің міндеттері бойынша мүлікке жауап бермейді.

3.3. Мемлекеттік кәсіпорынның ақшалай қаражаты жеткіліксіз болғанда оның міндеттері бойынша қаражаттандыру жауапкершілігін Қазақстан Республикасы немесе  әкімшілік-аумақтық бірлігі жауап береді.

3.4. Мемлекеттік кәсіпорынның жарғысына өзгерістер мен толықтырулар Павлодар қаласы әкімдігінің қаулылары негізінде енгізіледі.

3.5. Мемлекеттік кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату қала әкімдігінің қаулылары негізінде жүзеге асырылады.

3.6.  Кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылған Мемлекеттік кәсіпорынның мүлкі Уәкілетті органмен қайта бөлінеді.

3.7. Заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеліміне ол туралы жазу жазылғаннан кейін Мемлекеттік кәсіпорынның таратылуы аяқталды деп, Мемлекеттік кәсіпорынның қызметі тоқтатылды деп саналады.

 

 

 

 

Послание Президента Республики Казахстан – Лидера Нации Н.А.Назарбаева народу Казахстана

 

Социально-экономическая модернизация – главный вектор развития Казахстана

Январь, 2012 г.

 

Қымбатты қазақстандықтар!

Құрметті депутаттар мен Үкімет мүшелері!

Ханымдар мен мырзалар!

 

Қазақстан тәуелсіздіктің үшінші онжылдығына батыл қадам басты.

Жаңа құрамдағы Парламент пен жаңарған Үкімет өз жұмысына кірісті.

Өткен 2011 жылы ел экономикасы 7,5 процентке өсті.

Ішкі жалпы өнім жан басына шаққанда 11 мың доллардан асты.

Бұрын сатылып кеткен активтердің бірқатар маңызды бөлігі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Енді «Богатырь», Қарашығанақ, Қашаған кен орындары мен ЕNRС, «Қазақмыс» компаниялары басым активтері мемлекет иелігінде болады.

Кезінде мен «мынадай жағдайларға байланысты сатып жатырмыз, қазір жекешелендіру керек, уақыты келгенде қайтарамыз» деп айтып едім.

Міне, енді бәрі қайтарылуда. Барлық акциялардың пакеті Қазақстанда. Енді өзіміз барлығына ықпал жасайтын боламыз.

Қазақстан халқы біртұтас, бірлігі мызғымас кемел елге айналды.

Дегенмен, біз күрмеуі қиын, қайшылығы мол алмағайып заманда өмір сүрудеміз.

Болжанған жаһандық дағдарыс қаупі шындыққа айналып келе жатқанын көріп отырсыздар.

Сарапшылардың пікірінше, жаңа әлемдік дағдарыс бес-алты жылға созылуы мүмкін.

Біздің міндетіміз – экономиканы осы сынаққа дайындау, оны әртараптандыруды жалғастыру болып табылады.

Біз 2015 жылға қарай табысы жоғары елдердің қатарына қосылуды көздеп отырған елміз.

Бірлігімізді сақтап, осылай еңбек ететін болсақ, ол мақсатқа да жететін боламыз.


«Толқын» ДСК-ға мас күйінде келушілердің кіруіне қатаң тиым салынады.

Остальные правила

Режим работы

Вторник
12:00 до 20:00
Среда
12:00 до 20:00
Четверг
12:00 до 20:00
Пятница
12:00 до 20:00
Суббота
12:00 до 20:00
Воскресенье
12:00 до 20:00

Телефон и адрес

Мы ждем Вас, приходите и Вы не пожалеете!
Хромзавод проезд 1
Проезд автобусом: 14, 31, 38, 2. Остановка 30-я школа, маршрутное такси 153
Справки по телефону: 64-41-06

2015 © МҚКК «Толкын» Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің